Қоғам

Шаһар көркі ажарлана түсті

Альфия Абулгазина, қала тұрғыны

– Саябаққа келіп, құлпырып өсіп тұрған гүлдерге қарағанда өзімді жайлы сезінемін. Осында достарым келеді. Жерлестеріммен сөйлесемін. Жаңадан отау құрған жас отбасылар бала-шағаларымен осында демалады.

Биыл қала аумақтарын көркейтуде айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Нақтырақ айтсақ, шаһарымызда 48-ге жуық гүлзар қалыпқа келтірілді. Бұрындары жарамай тұрған су бұрқақтары қайта іске қосылды. Қала әкімідігі өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығын абаттандыру бойынша қажетті деңгейде жұмыстар атқарылуда.

Мирас Сабағанов, Петропавл қаласы “ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары” ММ бас маманы

– Қазақстан Конституциясы көшесі, Вокзал аумағы, Набережный мен Пестрое көлінің жағалауындағы газондар қырқылды. Қазір қала көшелері, соның ішінде М.Жұмабаев көшесіне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бүгінде 17 көпқабатты үйлердің аулаларындағы жолдарды орташа жөндеуден өткіздік. Оның аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды.

Қаланың орталығы мен шеткері аудандарындағы гүлзарлар мен саябақтардың жалпы аумағы 12 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, жыл басынан бері қаламызда жөке, қайың, алма сынды 700-ден астам ағаш түрі отырғызылған. Тұрғындар шаһардың жыл өткен сайын құлпырып келе жатқанына қуанышты.

– Петропавл – жасыл желекке оранған қала. Мұнымен қоса, қазір облыс орталығында жаңа тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр, әсем гүлзарлар пайда болуда. Осыған қарап қуанамын.

– Үнемі мына жерді коммуналдық қызметшілер тазартып жүреді. Жыл сайын қаламызда көрікті жерлер көбейіп жатқаны бізді қауантады.

– Көшелердің жиегіне гүлдер отырғызылыпты. Жаңа аллеялар пайда болған. Жалпы жергілікті билік қаланың тазалығына, әсемдігіне үлкен мән беруде. Мен осы үшін оларға және еңбектеніп жүрген жұмысшыларға алғысымды айтамын.

Берик Касен.