Қоғам

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттарды саулау өтеді

Евгений Мамыкин – СҚО сайлау комиссиясының хатшысы

– Үстіміздегі жылдың желтоқсанында 2008 жылы сайланған сенаторлардың конституциялық өкілеттілігінің мерзімі аяқталады. Сондықтан 1 қазанда облысымызда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатына бір депутат сайланады.

Дауыс беруге жергілікті мәслихат депутаттары қатысады. Олардың міндеті – Қазақстан Республикасының Парламентіне өңірдің мәселелерін көтеріп, оларды шешуге ат салысатын азаматты таңдау. Болашақ сенаторларға тіркеу кезеңінде-ақ, жоғары талаптар қойылады.

Евгений Мамыкин – СҚО сайлау комиссиясының хатшысы

– Сенат депутаты ретінде Қазақстан Республикасында тұратын 30 жастан асқан азамат сайлана алады. Жоғары білімі бар, жұмыс өтілі бес жылдан аз болмауы қажет, сонымен қатар біздің ел аумағында 10 жыл, ал Солтүстік Қазақстан өңірінде кемінде 3 жыл тұруы керек.

Сонымен қатар, депутаттықтан үміткерлер Орталық сайлау комиссияның арнайы есепшотына депозит ретінде 300 мың теңге аударуы тиіс. Кандидаттарды ұсыну 31-ші тамызға дейін жалғасады. Ал сайлау алды науқаны 12-ші қыркүйекте басталады.

Сагыныш Маркашева.