МТРА жаңалықтары

Қаржылық бақылау инспекциясы жарты жылдықты қорытындылады

Ақан Сыздық, СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары

– Тексеріс қорытындысы бойынша қаржылық заңбұзушылықтардың үлесі 54%, мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер еткен заңбұзушылықтар – 9%, ал қаржылық есеп құру кезінде орын алған кемшілік 8 % құраған. Бюджеттік қаржыны іске жарату кезінде орын алған заңбұзушылықтар – 2 млрд теңгеге жетсе, мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзу 673 млн. теңгенің шығынын келтірген. Қаржылық есеп құру тәртібін бұзу – 603 млн. теңгені құрады.

Осы орайда, құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын 35 материал жөнелтіліпті.

Ақан Сыздық, СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары

– Биыл алты айдың ішінде 155 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде 38-і тексеріске ұшыраған мекемелердің бірінші жетекшілері. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 3,5 млдр. теңгеден артық айыппұл салынды.

Қаржылық бақылау инспекциясының мамандары оның жартысына жуығын, немесе 1 жарым млрд теңгеден астамын мемлекет пайдасына өндіріп алды.

Берик Касен.