Мәдениет

Петропавлда неміс әншілерінің шығармашылық кеші болды

Якоб Фишер мен Александр Вайц Германиядағы танымал әншілердің бірі. Олардың шырқаған шығармалары немістердің ықыласына әлдеқашан бөленіп үлгерген. Ендігі кезекте, шетелдік әншілер гастрольдік сапарымен еліміздің бес қаласын аралап, өз өнерлерін Қазақстандағы қандастарына паш етпек ойда.

Якоб Фишер – “Қазақстан-Германия” жобасының авторы, Штудгарт қаласы, Германия

– Осыдан 20 жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйғарымымен Алматы қаласында Неміс үйі құрылған еді. Гастрольдік концерттеріміз осы мерейиойға арналған. Қиын-қыстау жылдары Германиядан неміс ұлтының өкілдері көптеп қоныс аударған. Олар Қазақстанда қалып, тату-тәтті өмір сүруде. Сіздердің облыстарыңызда да неміс диаспорасы тығыз қоныстанған. Соған орай біз бүгін неміс, одан бөлек қазақ, орыс халықтарының танымал әндерін шырқап, халықты бір қуантпақпыз.

Германиялық меймандардың орындауындағы әндерді облыстық неміс орталығының жас дарындары да ұйып тыңдады. Кешке келгендердің бірі – Амалия Майер.

Амалия Майер – СҚО “Видергебурт” неміс орталығы жанындағы неміс жастар клубының мүшесі

 

– Якоб Фишер мен Александр Вайцтың Солтүстік Қазақстан жеріне осындай концерттік бағдарламамен келгені бізді қуантады. Өйткені олар неміс халқының әндерін ұмыт қалдырмай, үнемі шырқап жүреді.

Бүгінгі таңда облыста 20 мыңнан астам неміс диаспорасының өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Бақыт Сәдуақасов.