Қоғам

Елімізде салықтың 4 түрі ауылдық округтің деңгейіне берілмек

Сергей Худяков, жергілікті өзін-өзі басқару институтының директоры

– Ұлт көшбасшысы әлемнің барынша дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді тапсырды. Бұл орайда елдің көркеюі ауыл шаруашылығын дамытумен ғана шектелмеуі керек, елді-мекендерді басқарып отырған басшылар сапалы еңбек етіп, бар проблеманы халықпен бірге шеше білулері қажет. Мұның бәрі өзін-өзі басқару консепциясы аясында жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жайы жақында республика деңгейінде жұмыс тобының отырысында қаралған болатын. Кездесуде ұсынылған жаңашылдықтың бірі – еліміздің салық жүйесіне қатысты болған.

Сергей Худяков, жергілікті өзін-өзі басқару институтының директоры

– Жұмыс тобының 3 отырысы өтті. Онда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларға қатысты ұсыныстар қабылданды. Келесі жылдан бастап, ауылдық округ әкімдерінің қармағына салықтың 4 түрі өтпек. Алдын-ала болжам бойынша Қазақстанда 2014 жылы осы салық бойынша жиналатын қаржы 26 млрд теңгеге жетпек. Қазір бұл қаржы кезең-кезеңімен жергілікті бюджеттер деңгейіне түсуде. Алдағы уақытта олардың жиналуына ауылдық округтің әкімдері жауап беріп, қажет бағыттарға жұмсамақ.

Сондай-ақ, жиында ауылдық округтарда жеке бюджет жасақтап, мәслихаттар құру, елді-мекендерге жетекшілерді тікелей тағайындау мәселелері де қаралыпты. Кездесуде көтерілген проблемалар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған дейді жиынға қатысып қайтқан жерлестеріміз

Ахметова Бану.