Құқық қорғау органдары

Жұмысшы кентінде жүк көлігі аударылып қалды

Виталий Ким, “Тойота” автокөлігінің иесі

– Жүк көлігі қатты жылдамдықпен келе жатты. Рөлді тез арада бұруға әрекет етіп жатқанын көріп, бір машинадан тез шығып кеттік.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі сағатына 60-70 км жылдамдықпен жүрген. Олар оның бұрылыста рөлге ие бола алмай қалғанын көріпті. Абырой болғанда, ешкім жарақат алған жоқ. Даладағы абыр-сабырды Виталийдің баласы да естіп, сыртқа жүгіріп шығады.

Андрей Ким

 

– Мен үйдің ауласында тұрған едім. Қатты дүрсілді естідім. Сөйтіп, сыртқа жүгіріп шықтым. Қарасам біздің көлікті бетондар басып қалған. Ал, жүк көлігі аударылып жатыр.

Полиция қызметкерлері осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Ахметова Бану.