Спорт

Жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау

Динара Шукурова, жазасын өтеуші

– Спортпен шұғылданғанды жақсы көремін. Футбол ойнап жүргеніме 5 жыл болды. Біздің команда спартакиадада волейболдан 1-ші орын алды.

Жалпы, командалық есепте жеңімпаздар болған жоқ. Сайыста сынға түскен екі топтың спортшылары бірдей ұпай жинады. Дегенмен де белсенділігімен танылып, өздерін жақсы қырынан танытқандары грамотамен марапатталды.

Руслан Сәрсенбаев, Балалар және жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары

– Елбасымыз бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Сол себепті, барлығы да салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануы керек деп ойлаймын. Ол ұшын біздің қалада барлық жағдай жасалынуда

Марапаттау кеші концертке ұласып, онда каратешілер өз өнерлерін көрсетті.

Мекеме қызметкерлері айтуынша, жыл сайын өтетін осындай спорттық шаралар жазасын өтеушілердің тәртібін түзеуге септеседі дейді. Темір тордың арғы жағындағылар бұндай сайыстарға ерекше ықыласпен қатысады.

Айқын Баженов, ЕС 164/6 мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бұл спорт екі айға созылды. Оған жазасын өтеушілер бір адамдай қатысты

Бұл күні жазасын өтеушілер тек марапат қана алып қоймай, концерттік бағдарламаға белсенді қатысты.

Қазіргі уақытта әйелдер колониясында 250 нәзікжанды жазасын өтеуде.

 

Ахметова Бану.