Қоғам

Суға берешегі бар борышкерлер қарыздарын қазанның 1-іне дейін өсімпұлсыз өтей алады

Ирина Першина – “Қызылжар су” ЖШС өндіріп алу қызметінің басшысы

– Акция аясында біздің кәсіпорнымыздың тарапынан борышы бар тұтынушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, қарызгерлер тиісті өтемді белгілі қазанның 1-не дейін толығымен төлейтін болса, басты берешегіне қосылған өсімпұл алынып тасталынады. Ал егер қарыздың жартысынан ғана құтылса, онда өсімақы жартылай сызылады.

Тіршілік көзімен қамтушы мекеме мамандарының айтуынша, аталған шара борышкерлердің кәсіпорын алдындағы берешегін өсімпұлсыз төлеулеріне мүмкіндік жасау мақсатымен ұйымдастырылуда.

Ирина Першина – “Қызылжар су” ЖШС өндіріп алу қызметінің басшысы

– Қарызын айлап, тіпті жылдар бойы төлемеген тұтынушылар бар. Олардың саны көбеймесе, азаятын түрі көрінбейді. Міне, соларға арналып осындай акция өтуде. Бұл жеңілдікті борышкерлер пайдаланып қалуы тиіс

Акция қазан айының 1-іне дейін жалғасады.

 

Бакыт Садуакасов.