“Мектепке жол” акциясы жалғасуда

Балалар

15:44 15 Тамыз 2014

Бұл мақсатқа жалпы оқу қорынан 500 мың теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұған қоса, қыркүйектен бастап осы оқушылар тегін ыстық тамақ ішетін болады.

Айнаш Рамазанова – Қазақ мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

– Жалпы оқуға қажетті барлық құралдар алынды. Барлығы сапалы, құнды. Біз жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға осындай көмек көрсетеміз.

Жаңа оқу жылының қарсаңында сыйлық алғандарына оқушылар да, олардың ата-аналары да қуанышты. Осындай көмек пен қолдаудың арқасында сабағымызды жақсы оқуға тырысамыз дейді шәкірттер.

Мухаммад Абдулла – оқушы
–  Мен бұл мектепте 2-і жыл қатарынан оқып келемін. Жыл сайын осындай көмек алып тұрамын. Іні-қарындастарымда осы мектепте оқиды, оларға да осындай көмек көрсетіледі. Сол үшін өз алғысымды айтамын.

Бақыт Майлина – ата-ана

– Міне жылда-жылда мектептен осындай сыйлықтар алып тұрамыз. Мектепке қажетті құралдарды 6 жыл бойы аламыз. Осы мектеп ұжымына алғысымды айтамын.

Республикалық акцияның шарапаты №5 орта мектебінің жеткіншектеріне де тиді. Аталған білім ошағындағы шәкірттердің саны 500-ден асады. Мұнда жазу-сызуға арналған құралдарға толы жаңа сөмкелер 34 балаға берілді. Олардың 6-уы қамқорлыққа алынған, 4-уі көпбалалы отбасыдан шықса, қалған 24-і тұрмысы төмен жанұялардан.
Осындағы жеткіншектерге оқу құралдарын алуға 200-мың теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты.
“Мектепке жол” акциясы ән-шашуға ұласты.

Риат Шони.

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда дрон құрастырудан жарыс өтті
Оқушылар арасында “Worldskills junior” атты шеберлік байқауы өтті
Петропавлда “Жас құтқарушылар” сайысы өтті