Денсаулық сақтау

Өңірде 896 адам туберкулез ауруына шалдыққан

Мейрамжан Кашкенов, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері зертханасының меңгерушісі

– Бұл зертхананың көмегімен дәрігерлер тез арада шешім қабылдап, науқасты дұрыс емдеуге жағдай жасалып отыр. Ағымдағы жылдың наурыз айында біз “Джейн эксперт” молекулярлық-генетикалық диагностика аппаратын алдық. Жаңа жабдық туберкулездің микробактерияларын 2 сағаттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Ол зертханашылардың жұмыс істеуіне ешқандай қауіп тудырмайды. Өйткені, нәтижені аппараттың өзі әзірлейді.

20-шы ғасырға дейін өкпе құртын емдеу мүмкін емес еді. Ал, қазіргі уақытта ауруды емдеп қана қоймай, алдын алуға болады. Дегенмен, кейбір азаматтар – нақты атсақ, нашақорлар, ішкіштер мен көше кезіп жүрген қаңғыбастар бұл дертпен күресуге құлықсыздық танытады. Өңірде түберкулезден емделгісі келмейтін осындай 146 адам бар. Оларды мейірбекелер өздері іздеп, сот арқылы күштеуге тырысып бағады.

Павел Соболевский, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері

– Біз биыл туберкулездің жұқпалы формасымен ауратын 74 адамды емдеуге жатқыздық. Олар қазір Благовещенка селосында сырқатынан айығуда. Онда емделушілерге жақсы жағдай жасалынған. Бақылауда болғандықтан дер кезінде дәрілерін ішеді. Бұдан жақсы нәтиже бар.

Стационарға 100-ге жақын адамды сот арқылы да жіберу мүмкін емес. Өйткені, олардың ешқандай құжаттары жоқ. Диспансер бас дәрігерінің айтуынша туберкулезге шалдыққандарды күштеп емдеу тәсілдерін жетілдіру қажет.

Павел Соболевский, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері

 

– Бүкіл дүние жүзінде бұл бағытта басқа жүйе қолға алынған. Оларда ауру адамды емес, халықтың денсаулығын қорғайды. Яғни, науқастарды емдетуде тек медициналық қызметкерлер ғана емес, қоғам болып атсалысады.

Қазіргі уақытта өңірде 896 адам туберкулзге шалдыққан. Бүгінде бір науқасты емдеу үшін мемлекеттен 986 мың теңге бөлінеді екен. Ағымдағы жылы Кох таяқшаларына қарсы дәрі-дәрмекті алуға республикалық несие желілері бойынша облысқа 420 млн теңге бағытталған.

Ахметова Бану.