Балалар

Дебат қозғалысы бойынша шеберлік сабақтары өтуде

Людмила Бурунбаева – “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” ҚБ менеджері

– Шілде айында бірінші шеберлік сағатын өткізген болатынбыз. Онда 25 тыңдаушы дебат туралы теориялық тұрғыдан кеңірек ақпарат алып, оны іс жүзінде байқап көрді. Мынау өтіп жатқан – екіншісі. Біз бүгін дебатта қолдануға болатын форматтардың түрлерін үйретпекпіз. Нәтижесінде арасынан белсенділерін іріктеп алып, олардан облыстық дебатшылар құрамасын жасақтаймыз.

Бүгінгі шеберлік сағаты британдық парламент үлгісінен басталды. Бұл әдісті қазақстандық жастар пікір-сайыс алаңдарында көп қолданады. Бұл тәсіл көбіне қоғамда өзекті деген мәселелерді қозғауға негізделген. Мәселен, осы сабақта елде неге қылмыскерлердің саны азаймай отыр деген тақырып көтерілді. Олар енді осы бойынша жан-жақты ізденіп, көптеген аргумент пен дәйектер жинауы керек. Динара Кашенова – жоғары білімді тіл маманы. Ол осындай шаралар жастардың сөзшеңдігін дамытуға септеседі дейді.

Динара Кашенова

 

– Мектеп, университет қабырғасында дебатқа қатысқан жоқпын. Енді осындай мүмкіндік туып тұрғасын, дебат сабағына қатысайын деп шештік.

Дебаттан шеберлік сағатының 2 кезеңін қыркүйек айының ортасында өткізу жоспарланып отыр.

Берик Касен.