Қылмыс

Зардап шеккен 5 тұрғынның айтуынша, белгісіз жас жігіт АИ-92 маркалы бензин мен дизельдік отынды төмендетілген бағамен ұсынған. Ұсталған бұзақы өзінің арам ойын отбасы жағдайымен түсіндіруде. Ол айласын клиенттерден ақша алғаннан кейін жақын маңдағы қонақүйге кіріп, ары қарай қашып кетіп отырған. Осындай әдіспен айлакер жүк көлігінің 4 жүргізушісі мен 1 зейнеткерді тақырға отырғызып кетіпті. Зардап шеккендерге келтірген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды. Қолға түскен азаматты автокөлік иелері бірден таныды. Ол Ақмола облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер азамат бір жыл бұрын осы сынды қылмысы үшін тұтқындалған екен. Ол кезде қылмыстық істің екі жақтың мәмілеге келуімен тоқтатылған еді. Енді аталған алаяқтық фактісіне қатысты ҚР-сы Қылмыстық Кодексінің 177-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғаушылар солтүстікқазақстандықтарға қулардың құрығына түспес үшін сақ болуды ескертеді.

 

Бакыт Садуакасов.