Қоғам

Халық қалаулылары мемлекеттік бағдарламаның іске асуын бақылауға алды

Сондай-ақ көпқабатты баспананың жылу есептегіш құрылғысы мен жылыту жүйесі жаңасына ауыстырылуда. Бұл 5 қабатты ғимарат салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмепті. Сондықтан да тұрғындар үйді мемлекеттік бағдарламаның көмегіне арқа сүйеп, жаңғыртуға бірден келісіпті.

Вера Золотилина – “Алия-сервис” ПИК төрайымы.

-Біз қалалық маслихаттың депутаты Сайран Хамзинге үйдің төбесі мен жылыту жүйесінің ескіргендігі туралы айтқан болатынбыз. 2 жылдай күтуге тура келді. Кейін ұсынысымызды қарап, баспананы күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама аясында қажетті жұмыстарды жүргізуге 42 миллион теңгенің жеңілдетілген несиесі берілді.

Халық қалаулысы Сайран Хамзин Мир көшесі 339-үйдегі жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалауды мойнына алған. Депутат шатыр ауыстырыла басталғалы пәтер тұрғындарымен бірнеше мәрте кездесіп, мердігерлердің қызметін қадағалап жүр.

Сайран Хамзин – қалалық маслихаттың депутаты, “Нұр Отан” партиясының 50 тұлғасы жобасының қатысушысы.

-Мен депутат ретінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылуын қадағалаймын. Әрине, жөндеуге қатысты пәтер тұрғындардың сұрақтары туатыны даусыз. Сол себепті де мен аталған істің сапалы әрі уақытылы атқарылуын назарда ұстаймын. Оған қоса жөндеуден өткен өзге үйлерге де қатысты шағымдар көп келіп түседі. Біз бірде-бір өтінішті жауапсыз қалдырмай, көмек береміз.

Жалпы бұл үйдегі тиісті жұмыстар тамыздың 4-і басталған болатын. Мердігерлер нысанды қазанның 29-ы тапсыруды жоспарлап отыр.

 

Бакыт Садуакасов.