Қоғам

Солтүстікқазақстандықтардың қысқа әзірлігі аяғына таяп қалды

Антон Федяев – СҚО ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі.

-Осы күндері Абай көшесіндегі жылу магистралдары қайта ауыстырылып жатыр. Оған қоса жылу желілерінің 40 пайызын күрделі жөндеуден өткізу жұмысы тұр. Мұнымен бірге қаладағы нөмірі 2-ші жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын аяқтауымыз қажет.

Күн райының құбылмалығы мен қолайсыздығына қарамастан, солтүстікқазақстандық энергетиктер кестеден қалып жатқан жоқ. Ол үшін жөндеу бригадалары күні-түні тынымсыз еңбек етуде. Қазан айында орталық желіге барлық нысандар қосылуы тиіс.

Антон Федяев – СҚО ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі.

 

-Қазіргі уақытта облыстағы білім беру мекемелерінің 95 пайызы қысқа даяр. Ал басқа мекемелердің әзірлігі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық соңына таяп қалды.

Сондай-ақ қысқа Петропавлдағы баспана иелері де қызу қамданып жатыр. Облыс орталығындағы 1036 көпқабатты баспананың қазір 40 пайызынан астамында қысқа дайындық құжаты бар. Бұдан бөлек, бюджеттік ұйымдарға отын-көмір толық көлемде жеткізілді. Бұл шаруаға үстіміздегі жылы 1 миллиард 260 миллион теңге қаражат бөлініпті. Мұнымен бірге 285 электр станциясына ағымдық жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ, жыл соңына дейін өңір энергетиктері 13,6 км жылу желілерін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа олар – 1 миллиард 33 миллион теңге жұмсамақшы.

Бақыт Сәдуақасов.