Билік

Қызылжар ауданына жаңа басшы тағайындалды

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңына және облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыс аудандар әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттілігін тоқтату және қызметінен босату тәртібі туралы ҚР президенті жарлығына сәйке, ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен, менің үкіміммен Еркебұлан Кәменов кәсіпкерлік және Туризм басқармасына басшысы болып тағайындалды. Осыған байланысты “а” корпусы әкімшілік мемлекеттік қызмет кадр резервінде тұрған Болат Серікұлының кандидатурасын Қызылжар ауданының әкімдігі қызметіне ұсынамын.

Болат Жұмабековтың кандидатурасын аудандық мәслихаттың депутаттары бір ауыздан қолдады. Өз кезегінде жаңа басшысы ауданның әрі қарай көркеюіне бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Болат Жұмабеков, Қызылжар ауданының әкімі.

-Құрметті Ерік Хамзаұлы сенім білдіргеніңізге рахмет. Өз жағымнан бар білімім мен тәжірибемді салып, осы ауданды жақсы көрсеткіштерге жеткіземін деп ойламын.

Аймақ жетекшісі Ерік Сұлтанов ауданның әлеуеті мен экономикасын дамытуда Болат Жұмабековке бірқатар тапсырмаларды айқындап берді.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Аудан орталығын жылумен қамтамасыз етуде кейбір проблемалар бар. Бірнеше жылдан бері су жаңа қазандық іске жаратылмай келеді. Оны пайдалану керек. Сондықтан мен аз уақыттың ішінде жылыту жүйесіндегі магистралдық жүйені қалпына келтіруді тапсырамын. Бұл бағытқа 500 млндай тг бөлінген. Сондай-ақ, су тарату бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Бұдан басқа аймақ басшысы Болат Жұмабековке ауданды абаттандыру мен халықтың әл-ауқатын жақсарту керектігін ескертті.
Сондай-ақ, жиында ауданның бұрынғы әкімі – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына жетекшілікке тағайындалған Еркебұлан Кәменов те өзіне сеніп тапсырылған жаңа қызметі ойдағыдай атқаратынын уәде етті.

Еркебұлан Кәменов, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

-Бұл қызметті маған тапсырғаныңызға алғысымды білдіремін. Кәсіпкерлік дәне туризмді дамыту – бұл Елбасы айқындаған басым бағыттардың бірі. Сондықтан ұлт көшбасшысының жүктеген міндетін атқаруға барымды саламын.

 

 

Бану Ахметова.