Ауыл шаруашылығы

“Сыбаға” бағдарламасы нәтижесін беруде

Талғат Байғазин, “Элита-Север” ЖШС директоры.

 

-Біздің серіктестік 2005 жылдан бастап жұмыс істеп жатыр.2013 жылға дейін жер мен қара малды ұрықтандырумен айналысқанбыз. Енді, 2013 жылдан бастап мал шаруашылығмен айналысамыз деп үкіметтен несие алдық. Үкімет бізге 154 мыңнан субсидия беріп, жарты ақшаны қайтарды. сол жағы бізге үлкен көмек болды.

Былтыр алынған қазақтың ақ бас сиырлары 13 төл беріпті. Биылғы бұзаулардың саны 25. Ағымдағы жылы асыл тұқымды сиырдың 7 төлі сатылыпты. Серіктестік басшысы алда мал басын арттырғысы келеді.

Талғат Байғазин, “Элита-Север” ЖШС директоры.

-Мал басын көбейтпекпіз. Ол үшін жеріміз азырақ болып тұр. Сосын мал жайлайтын жер. Соларды біраз үлкейтіп алсақ па деген ойдамыз. Мемлекеттке жүгініп, жер сұрамақпыз.

Қазір серіктестіктің қармағында 266 га жер бар. Биыл бұл аумаққа рапс егіліпті. Майлы дақыл пісіп жетілген соң Талғат Байғазин оны сатып, мал азығын алуды көздеп отыр.
Серіктестік басшысы ірі қарадан бөлек, жылқы шаруашылығын да қолға алмақ ниетте.

Әке жолын жалғастырған кәсіпкердің қол астында қазір 13 адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы 50 мың теңгені құрайд.

 

 

 

Бану Ахметова.