Қоғам

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ электрондық жүйеге көшуде

Мұндағы кітапханашылар жұмысымыз жыл санап еселеп артуда, кейде апта сайын институтқа білімін жетілдіруге келіп жатқан мұғалімдерге дер кезінде қызмет көрсетуге үлгермей жатамыз дейді. Енді бұл мәселе өз шешімін тапқан сыңайлы. Үстіміздегі жылдың наурыз айында мұнда электрондық ортақ жүйе орнатылды. 12 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Әлия Жүсіпова бұл жаңа жүйенің артықшылақтары көп, бұрынғыдай түрлі кітаптарды ақтарып, біраз әбігерге түспейтін болдық дейді.

Әлия Жүсіпова, Карасёвка ОМ география пәнінің мұғалімі, Айыртау ауданы.

-Бұрын керекті мәліметтерді каталог арқылы іздеп, көп уақыт жоғалтатынбыз. Ал енді осы жүйе арқылы керекті мәліметті өзім тауып ала аламын. Қолдануға ыңғайлы әрі уақыт үнемделеді.

Электрондық жүйе арқылы тыңдаушылар ортақ базадан өздері іздеген тақырыптарға қатысты мақала, ғылыми-әдістемелік еңбектерді оңай таба алады.
Тек қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тірек сөзді терсе болғаны, кітапхана қорында бар керекті деген әдебиетер тізімі әп сәтте шыға келеді. Онда журналдың шыққан жылы, нөмірі, мақаланың авторы тіпті оның әдістеменің қай бетте орналасқаны толық көрсетіледі.

Баян Батырова, “Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің БАИ қоғаммен байланыс және баспасөз қызметі бойынша маманы.

-Ол жүйе біздің кітапханада тұрған 15 компьютерге енгізілген. Кез-келген тыңдаушы сол компьютерге отырып, өзіне қажетті ақпаратты аз уақытың ішінде тауып алады. Егер тыңдаушы іздеген тақырыптар бағдарламада көрсетілсе, ол біздің қорымызда бар. Ал егер де тақырып шықпаса, ол мәлімет кітапхана қорында жоқ деген сөз.

 

 

Берик Касен.