Ауыл шаруашылығы

“Мал ұрлаушы” жедел-алдын алу шарасы

Асхат Ақылбеков – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі.

-Шараның мақсаты – мал ұрлау мен оны заңсыз сатудың жолын кесу. Қазір Петропавлдағы барлық базарлар тексерілуде, қалаға кірерде ет әкеле жатқан көліктерді түгел қарап жатырмыз. Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспектор және жол полицейлерінен құралған жедел топ аудандарда жұмыс істейді.

Шара барысында кримниалдық полиция қызметкерлері облыс бойынша базарларға ет әкеліп түсірген азаматтардың тиісті құжаттарын тексереді. Екі күннің ішінде мал ұрлаудың 4 фактісі тіркелген. Қылмыстардың барлығы ашылды.

Асхат Ақылбеков – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі.

-Тұрғындар өз меншігіне қырағы болулары керек. Ұрлық тіркелген жағдайда дереу 102 нөмірі бойынша ішкі істер органдарына хабарласу қажет.

Өткен жылдың сәйкес мерзімінде өңірде мал ұрлаудың 205 фактісі тіркеліпті. Тәртіп сақшылары жүргізіп жатқан аталмыш шара тамыздың 16-сына дейін жүргізіледі.

 

Данаш Хамзина.