МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көмек

Сүйіндік Ибатулин – “ЕсильРемСтрой” ЖШС директоры.

-Маған мұнда арнайы құжаттарды рәсімдеу мен орындау әдістерін түсіндірді. Және де алдағы уақытта менің қайда жүгіне алатынымды айтты. Жоспарым жүзеге асуы керек. Өйткені бұл облыс аумағындағы экологиялық сұрақтың шешімі ғой.

Өңірімізде “Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасымен өз ісін өрбітіп, мемлекет тарапынан қаржылай көмек алуға 36 кәсіпкер ниет танытыпты. 12-інің өтініші қараудан өтіп, нәтижесінде, әзірше 4 кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның қолдауын көретін болды.

Құралай Жарова – СҚО бойынша туризм және кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

-36 кәсіпкер өз ісін ашуға өтініш білдірген болатын. Біз 4-уіне қаржы бөліп отырмыз. Қосымша қаржы бөлініп жатса тағы 8 кәсіпкердің жобасы да қолдау табады. Ал қазір “Кәусар” ЖК-і былғары күртелері мен спорттық бұйымдарды тігуді бастайды, Дмитрий Бирюков қоян шаруашылығын дамытуды мақсат еткен. Ал “Стандарт” ЖК-і түйеқұстарды өсіре алады. және де “Manon” ЖК-і жеке меншік секторларындағы отарлы мал шаруашылығына су тарту үшін горизонталды және де вертикалды бағытта ұңғыма бұрғылау қызметін көрсетеді.

“Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасының аясындағы көрсетілетін қолдауға негізінен туризм, білім беру, металлургия, экология сынды салаларда өз жобаларын жүзеге асыруды көздеген азаматтар жүгініпті. Жыл басынан облыс бойынша бұндай кәсіпкерлерді демеу мақсатында 1,1 млрд теңге қаржы бөлінген.

 

 

 

Риат Шони.