Билік

2015 жылы Петропавлда 10 Га аумақта жаңа ықшам аудан салына бастайды

Болашақ құрылыс учаскенің жалпы аумағы 10 Га аумақты құрап отыр. Оның 19 мың шаршы метрі тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға тиесілі болса, қалған аумаққа жасыл желек отырғызылады. Жоба мақұлданып, қаржы мәселесі шешілсе, сол аумақта жалпы саны 93 тұрғын үй салынады. Оның 25-сі жеке қоттедж, қалғаны 1-ші, 2-ші санаттағы тонхаустар мен секциялық тұрғын-үй кешендері.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Набережный көшесіндегі ықшам аудан сәулетіне жаңа жоба жасалға. Соны қарастырып, шешім шығаруымыз керек.

Ауқымды құрылыстың бас жоспарлаушысы елордалық – “ППК” жобалау-құрылыс компаниясы» серіктестігі.

Анатолий Кочетов, “ППК” жобалау-құрылыс компаниясы” ЖШС-нің директоры, Астана қаласы.

-Алдын ала құрылған жоба бойынша міне, мына жерде жол айрықтары салынады. Мұнда әлеуметтік маңызы бар нысандар тұрғызылады. Ал мынау учаске спортқа арналады. Өткені осы ауданда спорт кешенін салу көзделген. 240 орынға шақталған балабақша тұрғызу да жоспарда бар. Қалған жерде тұрғын үйлер бой көтереді. Құрылыс барысында Есіл өзеніне жақын өсіп тұрған жасыл өскіндердің сақталуын ескереміз.

Ықшам ауданда жаңа құрылысты бастамас бұрын, аталған аумақтың инженерлік инфрақұрылымын ескеріп алған жөн. Энергетиктердің айтуынша, ондағы электр желілері артық қуат көзіне есептелмеген. Сондықтан электр тарату желілерін толығымен жаңасына алмастыру қажет.

Әлімжан Исмаилов, “ППК” жобалау-құрылыс компаниясы” ЖШС-нің инженері.

-Жоспар бойынша Набережный көшесіндегі ықшам аудан 2 жарым жылдың ішінде салынып бітуі тиіс. Қазір жобалық сметалық құжаттар мен инженерлік инфрақұрылымдарға қатысты мәселелерді жан-жақты қарастырып жатырмыз. Ол дайын болысымен, құрылысты келесі жылы бастаймыз. Коттедж қалашығында үш түрге бөлінген тұрғын үйлердің құрылысын қатар жүргіземіз. Аталған ауданнан “Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі” арқылы жаңа баспана берілсе дейміз. Қазір аталған қаржы институтымен келіссөздер жүріп жатыр.

Жаңа ықшам ауданның құрылысы 2015 жылдың сәуір айында басталып, тұрмысқа жайлы баспаналар 1 жылдан кейін халық игілігіне тапсырыла бастауы тиіс.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Тұрғын үйлер сапалы етіп салынуы тиіс. Ауқымды шараға теріскейлік мердігер компанияларды көптеп тарту қажет. Және баспана құрылысында мүмкіндігінше жергілікті өнімдер молынан іске жаратылуы тиіс. Қазір құрылысқа қажетті құбыр, сендвич панелдер өзімізде шығарылуда. Өнімнің бәрі сапалы. Жақында тағы кірпіш зауатын іске қосамыз. Сол кезде қолда бар қаражатты ысырапсыз жұмсауға жол ашылады.

Ықшам аудан Есіл өзенінен 500 метр алшақ орналасады. Мұның бәрі құрылыс барысында қатаң ескерілуі тиіс.

 

 

Берик Касен.