Білім

Жоғары оқу орнына қабылдау жалғасуда

Гүлмира Оспанова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы.

-2014 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не берілген грант саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Тегін білім алу мүмкіндігі негізінен, техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша беріліп отыр.

Ұлттық біріңғай тестілеуден 80 ұпай жинап, мемлекет есебінен білім алатындардың бірі – Равиль Сұлтанов. Талапкер жергілікті университеттегі агрономия факультетіне оқуға қабылданыпты.

Равиль Сұлтанов – талапкер, М. Жұмабаев ауданы.

-Мен екі жерге өтініш берген едім. Тамыздың 9-ы күні грантқа өткенім туралы естідім. Қарағандыдағы медициналық академиясына түсе алмадым. Жергілікті жерде болса да, тегін оқитыныма қуаныштымын.

Биыл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-інің талапкерлеріне тиген 330 шақты гранттың тең жартысы – педагогикалық, ал қалғандары техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша жоғары білім алмақ. Жалпы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-і студенттерге бакалавр дәрежесінде 50 және магистратура дейгейінде 24 мамандық бойынша білім беруде.

 

Бакыт Садуакасов.