Аптадағы маңызды жаңалықтар

Теріскейге жұмыс сапарымен Бельгия елшісі келді

Мишель Петерманс , Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі.

-Біз үшін екі ел арасындағы сауда- экономикалық байланыстың нығайғаны маңызды. Қарап отырсам, Белгия мен Қазақстан арасында көп ұқсастық бар.Мәселен, біздің ел де ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологиялар енгізіп жатыр. Және де шағын, орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Сондықтан біздің кәсіпкерлер сіздің елдеріңізге қызығушылық танытуда.

Сондай-ақ басқосуда экология жайы да сөз болды. Бельгия корольдігі баламалы электр энергиясын өндіру, қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өзге елдерден көш ілгері келеді. Сондықтан осы бағыттағы әріптестік нығайтылса жақсы.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бізге елді-мекендердегі ауыз суды тазартатын локалдық жүйе қажет. Ол құрылғылар негізі өз елімізде шығарылады. Бірақ сіздің тауарларыңыз жетілдірілген болса, оны да өңірімізге алдыртып, сынап көруге болады. Бірлесіп, баламалы электр энергиясын өндіру жағын да қарастырып көрейік. Бізде қазір жел диірмендері іске қосылған. Мал шаруашылығында био-газ қондырығыларын орнату қажет. Қазір облысымызда қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін қолға алып жатырмыз. Бұл іспен айналысатын кәсіпкер табылды. Ол қазір жобаның технологиясымен жіті танысып жатыр. Осы бағыт бойынша сіздерден қолдау көрсек жақсы болады.

Екі жақ та бұл кездесу бір нәтиже берер деген үмітте. Алдағы уақытта жерлестеріміз Бельгия еліне барып, олардың соны жетістіктерімен таныса алады. Ал Ерік Сұлтанов меймандарға өз тарапынан белгиялық кәсіпкерлерге өңірімізде барлық жағдай жасалатыныдығына уәде берді.

 

 

Берик Касен.