Әр түрлі

“Жұлдызды жауын” құбылысы

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың физика кафедрасының доценті.

-Бұл құбылыс кометалар бөлшектері жиынтығының ғарыштағы қозғалысымен байланысты. Яғни, ұсақ тастар бөлініп түсетін жұмсақ денелерді екпіні қатты газ ағыны ғарышқа шығарады. Содан олар өзен сияқты төменге қарай құлдилайды.

Аталған “жұлдызды жауын” – Свифта-Туттла кометасының ыдырыған бөлшектері. Әр жаз сайын біздің планетамыз олардың орбитасын басып, шаң-тозаң бұлтының арасынан өтеді. Комета қалдықтарының жылдамдығы сағатына 214 км, ал саны 100-ге дейін жетуі мүмкін.

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің физика кафедрасының доценті.

-Тез қозғалатын бөлшектер “радиант” деп аталатын бір нүктеден ұшады. Аспанда Персейдің шоқжұлдызы деп аталатын аймақ бар. Міне, содан метеорлар жиі және өте жылдам ұшып шығады. Бір мезгілде ұшып шыққан меметорлардың жанасуын байқауға болады. Яғни, арасы жақын бөлшектер Жер планетасымен бірдей соқтығысады. Біз бұл жолы Персеид ағымы максимумының бастауын бақылауға үлгердік.

Жұлдызды жауын тамыздың 18-іне дейін жалғасады.

 

 

Данаш Хамзина.