Денсаулық сақтау

“Болашақ” мемлекеттік бағдарламасы өңіріміздің жастарын қызықтыруда

Аманжол Кәкімов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

-Мен бұл бағдарламаны мектепте оқып жүрген кезден білемін. Стипендияға ілігу үшін 3 мәрте сынақтан өттім. Алғашқы сында мектепте нашар оқығандықтан сүріндім, екіншіде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім жетпегендіктен өте алмадым. Содан кейін бір жыл шыдауды жөн санап, 2013 жылы наурыз айында тағы сынақ тапсырдым. Ол жолы жолым болып, оқуға түстім.

Аманжол алғашқы жоғары білімін елордадағы Қазақстан-Ресей университетінде алған. Жас маманның айтуынша шетелге оқуға түсуде еш қиындық жоқ. Мысалығ сынақтан өтуге мектепте алған бар білімі жетіпті.

Аманжол Кәкімов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

-Менің айтарым – мүмкін емес еш нәрсе жоқ. Мен іріктеуде стипендияға қол жеткізуді алдыма мақсат еттім, де, сол арманыма жеттім. Оқуға түсуде еш қиындық болған жоқ. Әрине белгілікті деңгейде ағылшын тілін білу керек. Ол қай елге түсетініңе байланысты. Маған мектеп қабырғасында алған білімім жеткілікті болды.

Шетелде 3 жыл білімін шыңдаған соң, Аманжол елінің көркеюуіне үлес қосуды жоспарлаған. Дегенмен, бағдарламаның шарты бойынша ол 5 жыл көлемінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі қажет.

 

 

Риат Шони.