Қоғам

Қалалық мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді талқылады

Есмағзұм Байбұсынов, Петропавл қалалық салық басқармасы басшысының орынбасары.

-Қалалық бюджетке түсімнің өсу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 109,2 пайызды құрап, қаржылай алғанда шамамен 394 млн теңгеге артты. Мысалы 2013 жылдың алты айында қазынаға 4 млрд 281,1 млн тг түсті. Биыл бюджетке аударылған түсімдердің 78,8 пайызы салық комитетінің құзырында.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу жайынан жиналғандарды Қанат Айтбаев құлағдар етті. Бүгінде көше бұзақыларын тәртіпқа салуға өңір тұрғындары да ат салысуда. Мысалы, облыс орталығында қоғамдық отрядтардың көмегімен әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген 198 тұлға ұсталыпты. Тәртіп сақшыларына бұл істе 500-ден астам петропавлдық көмек қолын созған.

Қанат Айтбаев, Қалалық ІІБ басшысы.

-Жыл басынан бері жергілікті құқық қорғау органдарының атынан 210 қоғамдық отряд мүшесі марапатталды. Былтыр олардың саны 35 қана болатын. Қоғамдық тәртіпті сақтауда жәрдем көрсету үшін қаладағы барлық кәсіпорындарға хат жолданды. Өкіншке қарай, бүгінде тек 27 мекеме ғана бұл істе бізге қолғабыс болуда.

Жыл соңына дейін халық қалаулылары осындай тағы 2 жиын өткізуді жоспарлап отыр.

 

Бану Ахметова.