Денсаулық сақтау

Қаладағы 1-ші емхана жаңа терапевт-дәрігерімен толықты

Кристина Сафонова, 1-ші қалалық емхананың терапевт-дәрігері.

-Жұмыстың алғашқы күндері қиын болды. Қазір үйреніп қалдым. Ұжымым жақсы, көмектесіп тұрады. Көтермеақы беріп, баламды балабақшаға орналастыруға жәрдемдесті. Пәтер жалдап тұруға да ақша бөледі. Яғни, жас мамандар үшін барлық қолайлы жағдайдың жасалғандығы қуантады.

Аталған емдеу мекемесіндегі рентген кабинетіне өткен жылы құны 52 млн теңгенің эрдокарентгенттік диагностикалық кешені алыныпты. Отандық жабдықтың көмегімен науқасты басынан аяғына дейін рентген сәулесіне түсіруге болады. Негізі күніне рентгенолог дәрігердің қызметіне 50 шақты адам жүгінеді екен.

Виктор Войцеховский, 1-ші қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері.

-Бұл заманауи аппарат. Түсірілген сурет қанық сапалы болып шағады. Дәрігерге дайын суретті жасап беруге 15-18 минут қана жұмсалады.

Жаз бойы емханада жөндеу мен алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілген. Қазір емдеу мекемесі алдағы қысқа 100 пайыз әзір.

Галина Панкратова, 1-ші қалалық емхананың шаруашылық бөлімінің басшысы.

-Қыс маусымына жыл сайын ерте бастан қамданамыз. Биыл да жөндеуді дер кезінде бастадық. Жылу беру желілерін жуып-шайдық. Ұсақ-түйек шаруаны да жасадық.

Бұл жұмыстарға емханадағылар 140 мың теңге қаражат жұмсапты.

 

 

Бану Ахметова.