Құқық қорғау органдары

Полицейлерге қылмыскерді анықтауда көмек көрсеткен қала тұрғыны марапатталды

Дәулет Теміров – Петропавл қаласы ІІБ жедел басқару орталығының бастығы.

-Фархад Токтогулов сияқты азаматтардың іс-әрекеттері полиция жұмысын біраз жеңілдетеді. Оқыс оқиғалар кезінде жасырынған қылмыскерлерді, іс-түссіз жоғалған адамдарды табуға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Ярослав Гашек көшесінде мотоцикл жүргізушісі зейнеткерді қағып кеткен болатын. Өз жұмыстарымен асығып бара жатса да Фархад Токтогулов тоқтай салысымен, жапа шеккен адамға жүгіре жөнеледі. Оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем мен полицияны шақырады.

Фархад Токтогулов – қала тұрғыны.

-Жақыныңа, жалпы көмек қажет болған кез келген азаматқа қол ұшын созу – менің ойымша, әрбір азаматтың парызы.

Бірақ, қанша тырысқанымен зейнеткердің өмірін сақтап қалуға мүмкін болмады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК-тің 296 және 297 -ші баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Фархад Токтогуловтың ұсынған бейнежазбаның көмегімен мотоцикл жүргізушісі – Пеньково селосының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оны жасырынып жүрген жерінен полицияға әкесі алып келген. Тәртіп сақшылары оқиға кәуігерлерінің қырағылығы мен бей-жай қарамай, осылай адамгершілік танытуы – қылмысты әшкерелеуде зор көмек дейді.

 

Данаш Хамзина.