Ауыл шаруашылығы

Күзгі жиын-терім науқанында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ербол Қуанышев – СҚО ТЖД өрт қадағалау мелекеттік басқармасының бас маманы.

-Шөпті үй мен қорадан 15 метр қашықтықта үю қажет. Пішен қора сымды дуалмен қоршалады. Сондай-ақ, талаптарға сәйкес, үйілген мая электр беретін құрылғылардан кемінде 15, жолға дейін 20, құрылыс ғимараттарынан 50 метр қашықтықта болуы қажет.

Дегенмен, биылдың өзінде шаруалардың 33 мая шөбі отқа оранып, еңбегі еш кеткен. Алдағы уақытта осындай оқиғалар орын алмас үшін өңіріміздің өрт сөндірушілері үнемі алдын-алу шаралары мен арнайы тексерістер жүргізеді. 2013 жылы мамандар өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 958 фактісін анықтанаған.

Ербол Қуанышев – СҚО ТЖД өрт қадағалау мелекеттік басқармасының бас маманы.

-Өткен жылы техникалық және өрт қауіпсіздігі бойынша 481 ауылшаруашылық нысаны тексерілген. Нәтижесінде 958 олқылық анықталып, 193-і бірден тексеріс барысында жойылды. 129 қызметтік тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгенің айыппұлы салынды.

Үстіміздегі жылы облыс бойынша ауылшарушылық нысандарында 11 өрт орын алып, 21 млн. 585 мың. теңге шығын келтірген.

 

 

Риат Шони.