Жұмысшы кенті мен қаланы байланыстыратын көпірдің астымен өту қауіпті

Көлік және жолдар

13:33 12 Тамыз 2014

Серікбай Омаров – Петропавл станциясындағы ІІЖБ әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы.

– ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 439-бабының 5 бөлімі бойынша белгіленбеген, тыйым салынған темір жол жерлерден өткен тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылады. Оларға айыппұл салынады, не болмаса ескертулер жасалады. Қазіргі кезде осы көпір бойында Петропавл станциясындағы ІІЖБ әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлері темір жол қызметкерлерімен біріккен рейдтер өткізуде.

Заңды елемеген азаматтарға 1 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Жұмысшы кентімен қаланы байланыстыратын мына көпірге 50 жылдан астам уақыт болды. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап көпірді жөндеу жұмыстары басталған еді. Алайда оған қарамастан тұрғындар өз өмірлерін қауіпке келтіріп, көпірдің астымен өтуді жалғастыруда.

Көпірді жөндеу жұмыстары басталғалы бері 27 тұлғаға айыппұл салынған, ал жыл басынан бері 3 адам темір жолды қиып өтемін дегенде жарақат алған.

Уақытын үнемдеп, жаяу жүруді құмартқан жандар өз өмірлерін қауіпке төндірмей, темір жол вокзалы жанындағы жаяу жүргіншілер көпірі арқылы екі жаққа қатынай алады.

Көпірді 2015 жылдың көктем айына дейін тапсыру үшін жұмысшылар күні-түні еңбек етуде. Алайда осындай заң бұзушылықтардың кесірінен олар жұмыстарын ара-тұра тоқтатып, күз мезгіліне дейін созуы мүмкін.

Риат Шони.

Бұдан әрі оқыңыз