Білім

Жаңа оқу жылына әзірлік

Мысалы, тарих пен биология кабинеттерінің қабырғалары жаңартылып, жаңадан линолиум төселсе, қазақ тілі кабинетінің қабырғасы мен төбелері тегістелген. Көбіне оқушылар осы пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда жүлдегер атанып жүр. Сондықтан, олар білім алатын кабинеттерді бірінші кезекте жөнге келтіруді жөн санадық дейді ұстаздар.

Күлжан Шолпанаева – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

-Лицей директоры Елена Викторовна Коноплеваның мемлекеттік тілге деген құрметінің арқасында, оңтайлы көзқарасының арқасында мемлекеттік бюджеттен түскен қаражат мемлекеттік тіл кабинетіне бөлініп, заманауи күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл кабинеттің қабырғасы мен төбесі түзетіліп, сырланып, еденге жаңа линолиум төселді.

Аталған білім беру мекемесінің ғимараты 1937 жылы бой көтеріпті. Ғимарат ескі болғандықтан, мектепте ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіліп отырады.

Елена Коноплева – Бірінші қалалық білім беретін лицейдің директоры, облыстық маслихаттың депутаты.

-Оған қоса лицейдің басқа да кабинеттері мен ғимараттың қасбетін сырлап-әктеуге қосымша 260 мың теңге ақша бөлінді. Қалалық білім бөлімінен қарастырылған қаржы толықтай игерілді. Сондай-ақ жылыту қазандығы да жуып-шаюдан өткізілді. Қазіргі таңда мектептің жылыту маусымына дайындығы жөніндегі төлұжатты қолымызға алдық.

Оқу ордасы 2 корпусқа бөлінген. Мұнда барлығы 48 кабинет бар. Соның ішінде 8 сынып – интерактивті тақтамен қамтылған. Білім ошағында жаратылыстану-математика бағыты бойынша 750 оқушы білім алуда. Айта кету керек, биыл бірінші лицейдің түлектері ұлттық біріңғай тестілеуден қала бойынша жоғары ұпайға қол жеткізіпті.


 

Бақыт Сәдуақасов.