Құқық қорғау органдары

Заңсыз сақталған қаруларды тапрсыру науқаны жалғасуда

Ринат Багаутдинов, қалалық ІІБ қару-жарақ айналымын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспекторы.

-Теріскейдің тұрғыны әкеліп тапсырған көне мылтық жақсы сақталған. Суық қару жерлесімізге оның арғы атасынан қалыпты. Мылтық сырт жағынан француз революционерлері қолданған мушкетке ұқсайды. Оны біз ІІД-нің мұражайына тапсырамыз.

Криминалистердің айтуынша, мылтықтың сыры кетсе, ден сыны кетпеген. Ол әлі де атуға жарамды екен. Енді тәртіп сақшылары оның өтемақысы ретінде теріскейлікке 39 мың теңге төлейтін болады.

Ринат Багаутдинов, қалалық ІІБ қару-жарақ айналымын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспекторы.

-Қару-жарақ тапсыру акциясына әсіресе Айыртау, Жамбыл және Тайынша аудандарының тұрғындар белсенділік танытуда. Бұл өз кезегінде бізді қуантып отыр. Өйткені, олар осы қадамдары арқылы әкімішілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ аталмыш акцияға Уәлиханов және Тимирязев аудандарының тұрғындары бей-жай қарамаған. Олар өз еркімен 46 дана қару тапсырыпты.

 

Берик Касен.