Қоғам

“Нұр Отан” партиясының қалалық филиалының кезектен тыс 24-конференциясы өтті

Сондықтан қазіргі заман талабына сай 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бағдарламасының жобасы әзірлеу қажеттілігі туындаған. Өйткені, осыдан 16 жыл бұрын қабылданған әуелгі заң толықтырулар мен өзгерістерді қажет ететіндігін айтады мұндағылар.

Төлеген Закариянов, “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филиалының төрағасы.

-Осыған қатысты қалалық әкімдікте ведмоствоаралық комиссия құрылды. Жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ережелер бекітілді. Ағымдағы жылы комиссияның екі отырысы өтті. Онда жемқорлықпен күресудің жолдары қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу қажет. Бұл індетпен қоғам болып күресу амалдарына қатысты ойларын жиынға келгендер де білдірді.

Жасұлан Ахметов, қалалық мәслихаттың депутаты.

-Жемқорлық мәселесі барлық елдерде өзекті. Ол мемлекеттің экономикасының дамуына кедергі келтіреді. Қазіргі күні жаңа заң жобасын талқылаудамыз. Меніңше, заңның базасында осы проблемаға тосқауыл қоя алсақ қана, біз жемқорлықтың дамуын тежейміз.

Бұдан кейін, “Нұр Отан” партиясының аймақтың филиалының кезектен тыс 20-шы конференциясына делегаттар сайланды. Сондай-ақ, бағыттар бойынша сарапшы топтардың кураторларының атқарған жұмысы да қаралды. Бұл жайында қалалық мәслихаттың депутаты Сайран Хамзин құладар етті. Оның айтуынша, қазір “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға көп көңіл бөлінуде. Осы жоба жүзеге асқан 4 жылда петропавлда 95 үй қайта қалпына келтіріліпті.

Сайран Хамзин, қалалық мәслихаттың депутаты.

-Менің округымда бағдарлама бойынша, 20-шы шағын ауданда 6 үй жөнделді. Жылыту желілері мен жарық, есептегіш құралдары орнатылды. Осының нәтижесінде жылыту жүйесінде ағымдық жөндеуден кейін 10 пайызға, ал күрделі жөндеу жүргізгенде 30 пайыздық үнемшілдікке қол жеткізілді. Біздің сарапшы топтарға көмек сұрап келгендерге қол ұшын берудеміз.

Жиында барлығы 3 мәселе қаралды. Бас қосуға келгендер өз ұсыныстары мен сұрақтарын еркін білдіре алды.

 

 

Бану Ахметова.