Қоғам

Қала тұрғындары алдағы қысқа қамданып жатыр

Бригаданың басты міндеті – ақаулардың бар-жоғын тексеріп, жылу жүйесін жуып-шаю, . Бірінші кезекте, барлық жылыту жүйесі мен элеватордың бүтіндігі тексеріледі. Ол үшін құбырларға 4-тен 7 атмосфераға дейінгі қысым салынады.

Петр Фига «Эксплутационник» ЖШС слесарь-сантехнигі.

-Үйдің жылыту жүйесіне гидропресс жалғанады. Мына жерге су толтырылады дағы бізге қажетті қысым беріледі. Манометрде қысымның көлемін байқап, үйдің барлық құбырларын тексере бастаймыз. Егер жылыту жүйесі тексерістен сәтті өтсе, Петропавл жылу жүйелері мекемесінің қызметкерлері жұмысты қабылдап, құбырлардың жұмысқа жарамдылығын растайды.

Тек бұдан соң ғана мамандар барлық жылыту жүйесін сумен және ауамен тазалауға көшеді. Бұл шара жылу жүйесін құбырдың ішкі жағында жинақталған тат пен кірден арылтуға көмектеседі. Өз кезегінде, үнемі жуылып-шайылатын құбырлардың қызмет ету мерзімі артып, жылу өткізгіштігі де өседі. Барлық шаралар ойдағыдай жүзеге асса, үй қысты қарсы алуға әзір деген сөз.

Виктор Манякин -«Эксплутационник» ЖШС директоры.

-Қазір Ш.Уәлиханов көшесіндегі 22-үйдің жылыту жүйесінде алдағы қысқа соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әдетте, бұндай шараларды үнемі өткізіп тұратын үйлерде қыс уақытында апаттық жағдайлар орын алмайды. Жылыту маусымы басталған кезде, біздің көмегімізге негізінен үйлерін қысқа уақытылы әзірлемеген тұрғындар жүгінеді. Ал қыс уақытында баспананы жылыту жүйесінен ажырату өте қауіпті. Сондықтан, біз қыста бұндай шараларды өткізбейміз. Қазір 100 шақты көпқабатты баспананы тексеріп шықтық.

Барлығы қала бойынша 1036 үйдің 164-і ғана дайындық құжаттарын алып үлгеріпті. Мамандардың айтуы бойынша, баспана иелерінің көпшілігі жұмысты жаздың соңғы айына шегереді. Нәтижесінде, күз уақытында қауырт жағдайда жұмыс істеуге тура келеді.

Виктор Манякин -«Эксплутационник» ЖШС директоры.

-Тұрғындар енді ғана қозғала бастады. Үнемі осылай. Көбінесе бұған дейін пәтер иелері құбырларын ауыстырады. Батареяларын жаңартады. Сондықтан, тексеріс жүргізген уақытта жертөледегі ғана емес, пәтерлердегі құбырлардан да ақаулар анықталып жатады.

Қазір қала бойынша аталмыш шараларды 4 мекеме атқарады. Тексеру, жуып-шаю жұмыстарының құны шамамен 15-20 мың теңгені құрайды. Қызмет бағасы көпқабатты баспанадағы элеваторлардың санына байланысты.

 

 

Гульмира Шохтыбаева.