Балалар

Петропавлда Z тобының кеші өтті

Бірақ, “Жүз рет естігенше, бір рет көр” демекші, осы жолы куә болудың тамаша сәті туды.

Мұндай кештер Петропавлда жыл сайын ұйыдастырылады. Мына концерт Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған жастардың қатысуымен әзірленді. Олар осы іс-шараға бірнеше ай дайындалдық дейді.

Z тобы – бұл кеш жүргізушілері, бишілер, әншілер мен диджейлердің командасы. Олардың Қазақстанды аралаудағы мақсаты – тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлап, жастардың мәдениеттілігін дамыту.

Ингела Макаримова, биші.

-Біз жастарды өмірде белсенді болуға, шығармашылықпен айналысуға баулуға тырысып жатырмыз. Менің байқағаным, көптеген қалаларда бұл қозғалыс дамымаған. Жастар өздерін көрсеткісі келеді, бірақ мүмкіндік жоқ.

Іс-шараны ұйымдастырудағы әдіс – “open air” деп аталады, яғни кеш аспан астында өтеді. Әртістер сахнада 4 сағат бойы өнер көрсетті.

Z тобының концерттік саяхаты бүкіл Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлдан кейін Павлодарға барады.

 

Данаш Хамзина.