Қоғам

Дамаск болатынан қару-жарақ шығаратын кәсіпорынның жұмысы өрге домалауда

Георгий Ловырев – “Лига” ЖШС темір ұстасы.

-Менің басты жұмысым – тағалаудан өткен қару-жараққа өң беру болып табылады. Жұмыс оңай деп айта алмаймын, өйткені бұл жерде ең біріншіден, төзімділік қажет. Бір қаруды толықтай жасап шығу үшін шамамен алғанда 1 айдан астам уақыт кетеді. Кейбірін жарты жылдап жасаймыз.

Қару-жарақ шығарумен айналысатын “Лига” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2001 жылы жұмысын бастапты. Содан бері серіктестік суық және кәдесый қаруларының сан түрін шығаруды жолға қойған. Қазіргі таңда мұндағылар 55 түрлі қаруды шығарады. Серіктестіктің арнайы көрме залы да бар. Бөлмеде ұсақ қаруды да, үлкенін де кездестіруге болады. Солардың ішіндегі ең әйгілісі – Сұлтан Бейбарыс қылышының баламасы.

Виктор Жаворонков – “Лига” ЖШС директоры.

-Бейбарыс сұлтанның қылышы – жинақтамалардың арасындағы ең қымбаты саналады. Қылышты даярламас бұрын оның тарихын біраз зерттеуге тура келді.

Ал келесі бетте қазақтың семсер, айбалта, шоқпар сынды суық қарулары жайғастырылған.

Виктор Жаворонков – “Лига” ЖШС директоры.

-Қазақ халқының қаруларын еліміздің лауазымды тұлғаларына кәдесый ретінде тарту ету үшін сатып алушылар көптеп келеді. Әрбірінің тарихи мәні тереңде жатыр.

“Бәрін айт та бірін айт” демекші, кей қылыштардың құны жарты миллион теңгеге жетеді. Әр қарудың бағасы оны әзірлеудің күрделілігіне байланысты. Мысалы, ұсталар үшін қиынға соғатыны “Палаш” семсерін жасау. Шеберлерге оны дайындау үшін біраз тер төгуге тура келеді

 

 

Бакыт Садуакасов.