Спорт

Веложарыстан республикалық көпкүндік аяқталды

Белгі берілісімен жерлес велосипедшілер суырылып алға шықты. Көш басында “СҚО-1” командасының үздіктері Сергей Мальцев, Никита Кабачек пен Асан Серіков. Аталған үш шабандоз тас жолда кереметтей тактиканы қолданып, қарсыластарын шаң қаптырды. Олар 12 айналымда бастаған көштерін ешкімге бермей соңғы бәйгеде жеңімпаз атанды.

Ал сайыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте үздік үштікті Саран қаласының шабандоздары тұйықтады. Күміс жүлдегні Павлодарлық спортшылар қанжығаларына байласа, 1-і орынға, жергілікті “СҚО-1” командасы табан тіреді.

Евгений Кухаренко – “СҚО-1” командасының бапкері.

-Балалар жарыста жеңуге тырысты. Бұл менің ғана жеңісім емес, құраманы жаттықтырған барлық бапкерлердің жеңісі. Біздің тактикада Сергей мен Никита алға суырылып шығып, арттарынан Асанды жетелеу болатын. Спортшылар берілген тактиканы жақсы орындап шықты. Қазір, міне, соның жемісін көріп отырмыз. Жігіттерге өз алғысымда айтамын.

Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 7 команда қатысқан.

 

Риат Шони.