Өңірімізде жеке кәсіпкерлікті дамыту өрге жүзуде

Бизнес және экономика

16:16 11 Тамыз 2014

Өндіріс ошағы көршілес Ресейден жеткізілген 2 жаңа қондырғымен жабдыққан. Жалпы цехтағылар күніне 500-ге тарта жылу блогын жасап шығарады. Бір блокты дайындауға кептіруімен қоса есептегенде, 7-8 сағат жұмсалады. “Жүнісов” жеке кәсіпкерлігінің директоры Боштай Жүнісов осындай керемет өнімдерді шығару үшін Даму қорынан 7 пайыздық үстемеқымен 5 жылға 6 млн. теңгенің несиесін рәсімдеген. Әзірге бұл – қаламыздағы құрылыс блоктарын шығаратын бірден-бір өндіріс ошағы саналады.

Боштай Жүнісов – “Жүнісов” жеке кәсіпкерлігінің директоры.

-Үй құрылыс комбинаты емес. Осы кірпіштің екі түрін өндіреміз. Сапасы жақсы. Технологияны Ресейдің солтүстік аймақтарынан әкелдік. Біздің өңіріміздің де ауа райына төзімді. Құрылыс салуға блоктар керек болып бізге келсеңіздер біз оны өлшеп, санап береміз. Және де құрылыс жөнінде кеңес береміз.

4 қабатты бір жылу блогы 12 кірпішті алмастыра алады. Төзімділігі де соншалық қатты соққыларға шыдамды. Сонымен қатар, бұл құрылыс материалы жарылғанымен, кірпіш секілді үгітіліп қалмайды. Бір блоктың салмағы 25 келіні құрайды.

Анатолий Соболев – цех бастығы.

-Бұл кірпіштің кереметтілігі – біздің өңірдің климатына сай, жылуды жақсы ұстап тұрады. Қақаған аяздарда үйдің іші жылы, ал жазды күндері салқын болады. Плиталық желімге оңайлықпен жабысады. Бұл жылу блогтарымен 3 қабатты үйдің қабырғасын да көтеруге болады.

Цехта қазір 7 жұмысшы еңбек етуде. Олардың орташа айлық жалақысы 70 мың теңгені құрайды.

Риат Шони.

Бұдан әрі оқыңыз

Бизнес пен бұқара қолдаусыз қалмайды
АШҚ қоры арқылы өңірде 5,3 млрд теңге несие берілген