Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық өнімдердің жәрмеңкесі өтті

Амангелді Дүйсенбин, Преснов селолық округінің әкімі, Жамбыл ауданы.

 

-Ауылдан шұжық, май, ірімшік тағамдарын әкелдік. Бағалары төмен. Қаланың тұрғындары таңғы сағат 8-ден келіп, өнімдерді жақсы алып жатыр.

 

Біраз тұрғындар демалысты пайдаланып жәрмеңкеге жанұя мүшелерімен бірге келген. Отағасы Оралбай мен зайыбы Сұлушаш бүгін бір айға жетерлік азық-түлік сатып алды. Мұндағы тауардың бағаларына көңіліміз толады дейді олар.

Оралбай Закарин, қала тұрғыны.

-Ет, сүттің бағалары арзан, халыққа тиімді. Сондай ырза болып тұрмын.

Сұлушаш Закарина, қала тұрғыны.

-М.Жұмабаев пен Шал ақын ауданының шаруаларына алғысымды айтамын. Әкелген тағамдары сапалы екен.

 

Сондай-ақ, жәрмеңкеде қала маңайындағы 4 құс фабрикасы мен омарташылар өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Алма, шабдалы, орамжапырақ, қияр. Жұпар иісі мұрынды жаратын бұл жеміс-жидек, көкөністер 4 камаз, 10 газелмен ОҚО-нан жеткізілген екен. Жаңа піскен табиғи дәруменге бай өнімдерді сатып алу үшін халық ұзын-сонар кезекке тұрды. Бір сөзбен айтқанда, мұнда тұрғындарға сапалы және арзан өнімдерді таңдап жүріп алуына мол мүмкіндік болды.

Осы сынды жәрмеңке М. Жұмабаев көшесінде тамыздың 16-сы мен 23-інде де өтеді.

Берик Касен.