Қоғам

Өңір құтқарушылары жаңа техникаға ие болды

Дмитрий Дякин, СҚО “ӨС және АҚЖҚ” ММ бөлімінің бас маманы.

-Бұл техника жол талғамайды. Мына жерде тіркемесі бар. Оны көліктің артына да орналастыруға болады. Тіркеме салмағы аз заттарды оңай тартып шыға алады. Бірақ, машинаның жылдамдығын сағатына 70 шақырым жылдақтан асыруға болмайды.

Ал мынау – жылжымалы өрт-техникалық зертханасы. Ол оқиға орнына сарапшыларды, арнайы және қосымша жабдықтарды жеткiзуге арналған. Зертхананың көмегімен бiрiншi кезекте, өртпен байланысты қылмыстарды ашып, тергеу жеңілдемек. Сонымен қатар, мамандар дер кезінде апатқа қатысты деректерді жинақтай алады.

Дмитрий Кабанцов, СҚО “ӨС және АҚЖҚ” ММ бөлімінің өртті зерттеу жөніндегі маманы.

-Зертханалық кешенде 3 киловаттық генератор, 8 сағатқа жететін жанармай багімен жабдықталған. Машина ішінде компьютер, фотоаппарат сынды заманауи жабдықтар көп. Оған қоса ұзындығы 6 метр болатын саты, күрек, тырнауыш, кетпен сынды аспаптар жиынтығы бар. Бұлардың барлығы зертханалық жұмыстарда мамандардың қажетіне жарайды.

Айта кету керек, мұндай зертханалық техника әзірге Астана, Шымкент, Қарағанды және біздің өңірімізде ғана бар екен.

 

Берик Касен.