Қоғам

Облыс орталығында сенбілік өтті

Алтынай Сыздықова – Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

-Потанин көшесінде біршама жұмыстар атқарып жатырмыз. Осыған дейін де бірнеше сенбілікке шығып отырдық. “Тазалық – денсаулық кепілі” дегендей, бүгін біздің ұжым және басқа да ұжым өкілдері осы сенбілікке белсенді қатысып, өз міндеттерін атқарып, біздің қаламыздың көркейіп-гүлденуіне үлес қосып жатыр.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, баршаға ортақ игі істен Потанин көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары да шет қалмады. Олар сенбілікке шыққандарға қол ұшын беріп, өздерінің орамдарын бояуға ат салысты. Солардың бірі – Азамат Айсақов.

Азамат Айсақов – қала тұрғыны.

-Мұндай сенбіліктердің қаламызда ұйымдастырылып отырғаны біздері қуантады. Бүгін міне, Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері Потанин көшесі бойындағы үйлердің орамдары мен жол бойындағы ағаштарды сырлауда. Мен ортақ игі істен құр қалмай, шама-шарқымша көмектесіп жатырмын.

Айта кеткен жөн, мемлекеттік қызметкерлер Ойқала ықшам ауданынан бөлек, облыс орталығының басқа да көшелерін қоқыстан тазартып, қалыпқа келтірді. Шараны ұйымдастырушылар алдағы уақытта да сенбіліктер өткізбек.

 

 

Бакыт Садуакасов.