Қоғам

Итті қоғамдық жерлерде ұстау ережесі

Учаскелік инспекторлар иттің қожайынына саябақта серуендеп жүрген жұрттың қауіпсіздігі үшін тағы тұмылдырық тағудың маңыздылығын айтты. Міне, осындай түсіндіру жұмыстарын полицейлер ит ұстайтын барлық тұрғындарға қатысты жүргізбекші.

Асылтас Жанабеков, Петропавл қаласы ІІБ учаскелік инспекторы.

-Күн сайын көпшілік жерлерде, мысалы саябақтарда, үй аулаларында рейдтік іс-шараларын өткізіп жатырмыз.

Жалпы, қайда жүрсе де иттің иесі төрт аяқты серігінің тұмылдырығын шешпеуі керек. Тек арнайы жерлерде, адам жоқ орындарда еркін жіберуіне болады, оның өзі тұмсық торы киюулі күйінде. Тәртіп сақшылары аталған талаптарды орындамаған азаматтарды байқаған жағдайда полицияға хабар беруді өтінеді.

Асылтас Жанабеков, Петропавл қаласы ІІБ учаскелік инспекторы.

-“Көршілер бақылауы” бағдарламасы 2011 жылдың тамыз айынан бастап жұыс істеуде. Аулада, мысалы подъездерде құқықтық және қылмыстық құқықбұзушылық болған кезде біздің “Көршілер бақылауы” бағдарламасына 61-20-02 сенім телефоны бойынша хабарласуға болады.

Итті үйден шығарған кезде оның бойында тиісті белгілері болмаса, қожайыны әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 311-ші бабына сәйкес жауапқа тартылып, ескерту алады немесе мөлшері 3 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Бұзақылық қайталанса немесе біреуге залал келтірілген жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Барлығы жыл басынан бері үй жануарларын дұрыс ұстамаған үшін 2 418 адам жауапкершілікке тартылса, оның 328-іне қатысты 571 мың 387 теңге айыппұл салынған.

 

 

Данаш Хамзина.