Білім

Білім ошақтары жаңа оқу жылына әзірленіп жатыр

Александр Плотко, №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернатының директоры.

-Сондай-ақ, оқу кабинеттері мен интернаттың едендеріне линолеум төселді. Мектептің ішін сырлау және әктеу жұмыстары да аяқталып қалды. Ұсақ түйек шаруа ғана қалды. Өрт сөндіру желілері де тексеріліп болды.

Сонымен, мектеп-интернат қысқа дайын. Өйткені, жылыту желілері жуылып-шайылған. Жылу беру маусымына әзір деген арнайы құжат та беріліпті. Тағы бір айта кететін жайт, мұнда сондай-ақ білім ұясының маңайы да абаттандырылуда.

Владимир Орлов, №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернатының қызметкері.

– Менің мұнда еңбек етіп жүргеніме – 8 жыл. Қазір мектепті барынша көрікті етуге тырысып жатырмыз. Жаңа оқу жылына келген оқушылардың көңілінен шығады деген ойдамын.

Мектеп-интернатта шағын орталық бар. Онда 25 бүлдіршін тәрбиеленеді. Жалпы, биыл мұнда 500-ден астам оқушы білім алмақ. Қаланың шеткі аудандарынан келіп оқитын балаларға осында тұру үшін жайлы интернат қарастырылған. Білім ұясында барлығы 55 мұғалім сабақ береді.

 

Бану Ахметова.