Қоғам

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру

Ал қалған 10 пайызы бұзақылық фактісі бойынша толтырылған. Осы жылдың 7 айында сот орындаушылары 12000-нан астам іс бойынша айыппұлдарды мемлекет пайдасына өндіріп үлгеріпті.

Мақсат Оразбеков – СҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің “Әкімшілік айыппұлды өндіру бөлімі” филиалы жетекшісінің міндетін атқарушы.

-Сот актілерін орындау департаменті мамандарының орындауында 27000 мың өндірістік іс жатыр. Соның көбісі қоғамдық тәртіпті сақтамаған азаматтарға қатысты толтырылған. Ол – қоғамдық орындарда темекі тарту мен алкоголь өнімдерін пайдалану болып отыр.

Әкімшілік айыппұлы бар азаматтар қарызынан құтылмаған жағдайда, сот орындаушылары олардың жылжымайтын мүліктерін сатуына және қаржылық операциялар жасауына шектеу қоятын көрінеді. Бұл борышкерге күнделікті өмірінде айтарлықтай кедергі жасайтыны анық.

Мақсат Оразбеков – СҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің “Әкімшілік айыппұлды өндіру бөлімі” филиалы жетекшісінің міндетін атқарушы.

-Мойнында борышы бар азаматтар мемлекет алдындағы қарызын өтемесе, жылжымайтын мүлкін сату құқығынан айырылады. Оған қоса борышкерлердің өздеріне тиесілі есеп-шотты пайдалануларына да тыйым салынады.

Сондай-ақ, биыл әкімшілік айппұлды төлемеген 857-і азаматтың ел аумағынан шығуына шектеу қойылыпты. Сондықтан, сот орындаушылары борышкерлерге қолайсыздықтарға тап болмас үшін, қарыздан тездетіп құтылуға кеңес береді.

 

 

Бакыт Садуакасов.