Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні

Бұл істе құрылысшылардың еңбегі өлшеусіз. Ағымдағы жылы баспана мен әлеуметтік сала нысандарын тұрғызу және қайта қалпына келтіру жұмыстарына 12 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Айту керек, бұл бағытта өсім бар. Мәселен, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 119 пайызды құрап отыр.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Жыл басынан бері “Қолжетімді тұрғын үй” бағдарламасы бойынша барлығы 33 мың шаршы метр аумақты құрайтын баспана халыққа тапсырылды. Бүгінде өңірде 17 көппәтерлі тұрғын үй, 3 аудандық емхана және 2 мектеп салынуда. Жаңадан халыққа қызмет көрсету орталығы мен спорт сарайының құрылысы жүріп жатыр. Аймақтағы автокөлік жолдарының 230 шақырымы жөнделуде.

Салтанатты жиын барысында өңір жетекшісі аймақ құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтап, адал еңбегі мен аталған саланы дамытуға қосқан үлестері үшін Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады. Еңбек ардагері – Баймұханбет Садықов осы салаға 41 жылын арнаған. Бүгін еңбегі еленіп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын алды.

Баймұханбет Садықов, сәулетші, Уәлиханов ауданы.

-Еңбегімді бағалаған адамдарға көп алғысымды айтамын. Жастарға айтарым, елбасымыздаың мына түрлі салаға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға күш-жігерлерін салса екен деймін.

Өңір жетекшісінің марапатына ие болғандардың қатарында Есенгелді Нұрбаев та бар. Ол электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша 10 жыл жемісті еңбек етіп келеді.

Есенгелді Нұрбаев, “Основание” ЖШС электр дәнекерлеушісі.

– Менің отбасымда әкем құрылысшы болып жұмыс істеген. Мен соның жолын қудым. Бүгінде осы салады дәнекерлеуші болып істеп жүргеніме 10 жыл толды.

Сондай-ақ, бұл күні 5 жерлесіміз “Құрметті құрылысшы” төс белгісімен марапатталды.

Серік Мурзабаев, “Альфа-Север” ЖШС прорабы.

-9 жыл “Альфа-Север” серіктестігінде жұмыс істеймін. Осы уақыт аралығында қалалық мәдениет үйін, мемлекеттік мұрағатты салуға қатыстым.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

 

Берик Касен.