Салық басқармасы

Салық төленетін нысандарды есепке қоймағандар айппұл төлейді

Лилия Әбілова – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы.

-Егер де жеке кәсіпкер машинаны жалға алып, тіркеліп, таксист болып жұмыс істеген жағдайда ол көлігін тіркеу есебіне қоюы қажет. Машинадан қоршаған ортаға зиян келетіндіктен, тұлғаның салық есебін беру жауапкершілігі арта түседі. Тіркеу есебіне қойылмаса, оның салық себін төлеген үлгілері жеке шотына түспейді.

Егер салық өтініші тиісті мерзімнен кешіктірілсе, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 205-ші бабына сәйкес айыпты тұлға жауапқа тартылады. Әуелі фискалды орган тарапынан ескерту жарияланады. Одан кейін олқылық тағы да қайталанса жеке кәсіпкерлер – 8, ал заңды тұлғалар 30-дан 70 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді.

Лилия Әбілова – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы.

 

-Қандай да бір сұрақтар туындап жатса Кәрім Сүтішев көшесі, 56 «А» мекен жайы бойынша орналасқан салық басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығындағы 205-ші кабинетке келіңіздер немесе 46-45-65 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Фискалды орган мамандары салық төлеушілерге тіркеу есебіне өтініш білдіруді кешіктірмеуді ескертеді.

Риат Шони.