Қоғам

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ-ында ашық есік күні ұйымдастырылды

Мәселен, қаржы институты қазіргі уақытта таза кірістерімен ел бойынша 8-ші орынға тұрақтаған. 19 мыңға жуық салымшысы бар. Жасалған келісім шарттардың жалпы құны 45 млрд теңгені құраса, депозиттердің үлесі 5 млрд-тан асады. Банк филиалында бүгінде дейін 6,1 млрд теңгеге 2 мыңға жақын қарыз берілген. Бұл көрсеткіштер жыл санап артуда дейді мамандары.

Балахмет Мөлдинов – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры.

-Жоспарланған істің барлығы ойдағыдай тындырылды. Осы жылы “Қол жетімді баспана-2020” бағдарламасы бойынша 4 үй қолданысқа берілді.

Жамбыл ауданының тұрғыны Балтабай Мінайдаров – осы банктің салымшысы. Зейнеткер аталған қаржы институты арқылы қызым мен немереме 2 пәтер алдық. Шарттары тиімді әрі қолжетімді дейді.

Балтабай Мінайдаров, банктің салымшысы.

-Қызыма Жамбыл көшесінен бір үй алдым. Кейін немереме де осы банк арқылы пәтер алдым.

Салтанатты жиында 2 адамға банктің “жыл салымшысы” және “жыл клиенті” атағы беріліп, алғыс хаттар табыт етілді.

Сонымен қатар, банктің үздік қызметкерлері де марапатталды. Мұндай құрметке 13 маман ие болды. Солардың бірі – Айгүл Қондыбаева.

Айгүл Қондыбаева, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ көшбасшы-агенті.

-Мен үйімді осы банк арқылы алдым. Содан кейін келіп жұмысқа орналастым. Оған да 4 жыл болып қалды. Баспаналы болғысы келетін азаматтарға біздің банктің салымшысы болуына кеңес беремін.

Шара соңында жиналғандардың арасында сұрақ-жауап сайысы мен ұтыс ойыны өткізілді.

 

Бану Ахметова.