Бизнес және экономика

“Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасының орындалуы талқыланды

Құралай Жарова, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

– Бұл бағдарламаны облыста жүзеге асыру үшін 5,2 млрд теңге көлемінде мақсаттық трансферт бөлінген болатын. Биыл оның көлемі өткен жылы қаржы толығымен игерілгендіктен 43 пайызға ұлғайтылды. Бұл кепілдендіру, субсидиялау, сервистік қолдау көрсету және грант беру бойынша.

“Бизнестің жол картасы” облыс орталығында тиісті деңгейде атқарылуда. Мамлют ауданынан мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін – 6, қызылжарлықтардан 5 өтініш түскен. Ал, Тимирязев, Жамбыл, М.Жұмабаев ауданының табыскер азаматтары тіпті құлықсыздық танытуда.

Құралай Жарова, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

-Соңғы аталған аудандардағы кәсіпкерлікті дамыту бөлімдерінде бағдарламаның мүмкіндіктері мен шарттарын түсіндіру және оған тарту жұмыстары дұрыс атқарылмаған. Сондай-ақ, мамандар жергілікті кәіпкерлердің мәселелерінен құлағдар болуы қажет. Аталған олқылық алдағы 2-3 айда түзеледі деп ойлаймын.

Өңірде 6 айдың ішінде аталған бағдарлама аясында кепілдендірілген субсидиялау бойынша 86 жоба жүзеге асқан. Оның сомасы 6 млрд теңгені құрайды. Жиында сөз алған “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның СҚОФ директоры Алмат Нұрахметов ісін өркендеткісі келетін азаматтарға тағы бір мүмкіндіктер беретін “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының 4-ші бағытына тоқталды.

Жиын соңында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлім Шүкенов бүгін талқыланған мәселелерді тез арада шешу қажет екенін атап өтті.

 

Бану Ахметова.