Құқық қорғау органдары

“Автобус” республикалық жедел-алдын алу шарасының қорытындысы

Бұны бірі білсе де, біреу немқұрайлы қарауы мүмкін. Сол себепті, полиция қызметкерлері өңірде жоспарлы түрде тексеріс жүргізді. Оған күн сайын 300-ге жуық полицей қатысқан.

Сайлаубек Мусин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

-“Автобус” жедел алдын алу шарасы барысында жолаушы тасымалдайтын көлік жүргізушілері арасында 130 көлік жол ережесінің бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде маневр жасау ережесін сақтамаған – 24, жылдамдықты асырудың – 6 және көлік басқарып келе жатып телефонмен сөйлесудің 2 фактісі тіркелді.

«Автобус» шарасы кезінде тәртіп сақшылары күшейтілген түрде жұмыс істеп, инспекторлар көше қиылыстарын торуылдаған. Әлбетте, бұзақыларды анықтауда оларға сырттағы бейнекамералардың зор пайдасы тиген.

Дәурен Қазбеков – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары.

-Шараның басты мақсаты – жолаушы тасымалдайтын көліктерің техникалық жағдайын қадағалау және нормативті стандарттарға сәйкес келмейтін көлік иелерін жауапқа тарту. Сонымен қатар, көлік жүргізушілерінің жұмыс істеу және демалу уақыттары, жолаушы тасымалы нормаларының сақталуы да тексеріледі.

Аталған шара тамыздың 5-і мен 7-сі аралығын қамтиды. Бұндай тексеріс 4 айда бір рет өткізіліп тұрады.

Данаш Хамзина.