Қоғам

Петропавлда “Балаларға қамқорлық” атты акция өтті

Альбина Глушаева.

-Күйеу балам қиын жұмыстарда, жеке меншік мекемелерде жұмыс істегісі келмейді. Содан қызым онымен айрылысып тынды. Енді бар ауыртпашылық қызымның мойнында. Жиеніме мен қараймын.

Флешмобқа ерікті ретінде облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысуда. Олар осы арқылы қоғамның назарын балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген тас бауыр әкелер мен көкек аналарға аудармақшы.

Қарлығаш Абаева – СҚО сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіру бөлімінің аға сот орындаушысы.

– Біздің қоғамда жалғызбасты аналар мен әкелер көбейіп бара жатыр. Және оған қоса олар өз балаларына алимент төлеуден жалтарып, жауапкершілікті өз мойындарына алғылары келмейді. Жыл басынан бері облыстық сот актілерін орындау департаменті мамандарының қарауында уақытында өтелмеген алиментке қатысты жатқан 6 мың 300-ден астам өндірістік істің оның 307-сі орындалды.

Кейбір әкелер алименттерін 5-6 жылдап төлмеген. Олардың жалпы қарызы 4 млн. теңгені құрайды. Тас бауыр әкелер мен аналардың тізімі жазылған қағаздар мына жерге ілінді. Акция барысында психологтар қиын жағдайға душар болған тұрғындарға кеңестер берді.

 

Берик Касен.