Қоғам

Өнер колледжінің шатыры “Жол картасы-2020” бағдарламасы аясында жөнделуде

Татьяна Галат – “Өнер колледжі директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.

-Шатыр ескіріп, жаңбыр жауса жоғары қабатқа су кіретін. Содан “Жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 25 млн. 200 мың теңге қаржыға қол жеткізіп, төбені жөндеуді бастадық.

Жөндеу жұмыстарымен “Пилон” ЖШС-і айналысуда. Маусымның 10-ы басталған шаруаны құрылысшылар қыркүйектің 15-не қарай аяқтауды жоспарлап отыр. Жөндеуге 30 адам жұмылдырылған.

Николай Карасевич – “Пилон СК” ЖШС прорабы.

-Нысанға 4 қабатты төбе жабындысы жасалады. Осыған дейін толассыз жауған жауын-шашын біздің жұмысымызды бөгеді. Қазір енді күннің ашықтығын пайдаланып, жұмыс қарқынын арттырып жатырмыз.

Серіктестіктегілер нысан төбесіндегі жабу жұмыстарын уақытылы тапсырып қана қоймай, сапалы орындаймыз дейді.

Бақыт Сәдуақасов – тілші.

-Қазір өнер колледжінің шатырында қызу жұмыс жүріп жатыр. Егер де ауа райы еш кедергі келтірмесе, қыркүйектің 15-і аяқталады деп күтілуде.

 

Бақыт Сәдуақасов.